Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қала аумағындағы зираттарды цифрландыру мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Облыстық дін істер басқармасының мәліметінше, бұл бастама Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету орталығының қызметтерін жетілдіру барысында жасалынған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Аталған пилоттық жобаны іске асыру үшін мешіттер «Уақып» ҚҚ және «ҚазАэроСпейс» ЖШС-мен меморандумға қол қойған.
«Оның негізгі мақсаты – ел аумағындағы зираттарды цифрландыру, жерлеу қызметін заманға сай электронды тұрғыда халыққа ұсыну», – деді басқармада.
2024 жылдың 16 мамыры мен 30 шілдесі аралығында Павлодар қаласындағы 19 зиратты цифрандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Мобилді қосымшаға марқұмдардың аты-жөндері мен басқа да мәліметтер енгізіледі. Зираттардың орындары картада көрсетіледі және қосымшаны әлемнің кез келген нүктесінен қолдануға болады.