ҚР Көлік министрлігі жанындағы Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты журналистер мен қоғам қайраткерлеріне жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау шараларын жариялауға бағытталған баспасөз турын өткізді.
Іс-шара аясында Ақтөбе және Ақтөбе облысының БАҚ өкілдері мен жұртшылығы өңірдің асфальтбетон зауыттарына (АБЗ), карьерлері мен зертханаларына барып, Ақтөбе-Қандыағаш (52-100 шқ) автомобиль жолының құрылысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚазжолҒЗИ ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен жол-құрылыс маусымына уақтылы дайындалу мақсатында еліміздегі асфальтбетон зауыттарының алғашқы маусым алдындағы инспекциясын бастаған болатын. Осы жұмыстар барысында олардың сапа стандарттары мен нормативтерге сәйкестігі тексерілді.
Инспекциялық іс-шаралар материалдарды және асфальтбетон қоспаларын дайындау сатысында автожол жобаларындағы жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған.
Елімізде барлығы болып 842 тас және құм карьерлері және 346 асфальтбетон зауыттары бар. Олардың орналасқан жері, сапа стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ физика-механикалық қасиеттері туралы ақпарат Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасына (rcmbase.kz) енгізіледі.
База жол сапасына тікелей әсер ететін жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру мақсатында құрылды. Бұл жол құрылысының материалдары мен технологияларын пайдалануды жүйелеуге, жолдарды жобалауды ашық және сапалы етуге мүмкіндік береді. Базаның кез-келген пайдаланушысы rcmbase.kz кіре алады және карьерлердің, битум және асфальтбетон зауыттарының картасын, сондай-ақ апробацияланған жаңа технологиялар туралы ақпаратты қарай алады.