происшествие

Таразда полицейлердің баланы құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған

Таразда полицейлердің баланы құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құтқару сәті суға тұншығып, дем ала алмай жатқан кішкентай балаға көмекке асыққан полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетонына түскен. Боран-3 автоэкипажы рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түскен кезде өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген.

Тараз қаласы, Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткен. Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келді. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, нәтижесінде бала дем ала бастайды.

– Баланың өмір белгілері болмаса да, мен соңына дейін күресіп, бізге үйретілген барлық дағдыларды қолдана отырып, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шығып, нәресте дем ала бастады, – деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев.

Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button