БастыДенсаулық

Учаскелік қызмет дәрігерлері ауруларды ерте анықтағаны үшін көтермеленеді

Учаскелік қызмет дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ынталандырушы төлемдерді есептеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Егер бұған дейін мамандарды ынталандыру көрсеткіштерді орындамағаны үшін алып тастау жүйесі бойынша көбірек жүргізілсе, онда жаңа жүйе ауруларды ерте кезеңде анықтағаны үшін көтермелеуге бағытталған.

Бұл емханалардың медицина қызметкерлеріне асқынулардың алдын алуға және пациенттерді негізсіз емдеуге жатқызуға уәждеме береді» – делінген хабарламада.

Ынталандырушы үстемелерді есептеу адам факторын қоспағанда, автоматты түрде жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button