Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Соңғы үкім» фильмі 23 мамырда көрерменге жол тартады

Алаш қайраткерінің рөлін актер Азамат Сатыбалды сомдаған.

Киножоба қоғам қайраткері, ғалым, ақын, 20 ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының аса көрнекті көшбасшыларының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының таңғажайып тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды баяндайды. Фильм қазақтың көрнекті ағартушы-ғалымы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұр­сы­нұлының 150 жылдық мерейтойына арналған.

Қоюшы режиссерлер: Ерген Тоқмурзин, Ерлан Нұрмұхамбетов

Продюсер: Ғалым Доскен;
Сценарий авторы: Ғалым Доскен;
Қоюшы оператор: Марс Умаров;
Қоюшы суретші: Амантур Бейсенбинов.

Басты рөлдерде:

Ахмет Байтұрсынұлы – Азамат Сатыбалды;
Бадрисафа – Дарья Александрова;
Әлихан Бөкейханов – Айдар Наурызбаев;
Міржақып Дулатов – Еркебұлан Дайыров.