ІІМ: Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды

Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі

1 шілдеде “Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Амнистия тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2 471 қылмыстық іс бойынша 2 621 адамға амнистия қолданды, – делінген хабарламада.

Оның қолданылу аясы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.