Мәдениет

Қазақстанның Ұлттық кино орталығы алғаш рет «Marche Du Film» кинонарығына қатысуда

Ұлттық киноны қолдау орталығы алғаш рет 77-ші халықаралық Канн кинофестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстандық делегация қатысушыларға «Кazakhcinema» стендін ұсынды. Стендте қазақстандық киноөндіріс, Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі, сондай-ақ болашақ жобалар туралы мәліметтер көрсетілген.

Кazakhcinema Қазақстан шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аударады. Оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңының қабылдануымен қамтамасыз етілген.

«Marche Du Film» нарығына қатысудың мақсаты – бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, шетелдік серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық фильмдердің танымалдығын арттыру.

Айта кету керек, Қазақстан жыл сайын Халықаралық кино нарығына қатысып келеді. «Marche Du Film» 1959 жылы құрылған және әр жылда Канн кинофестивалімен қатар өтеді.

Іс-шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі және ол 2024 жылдың 23 мамыр айына дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button