Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады.
Ведомство мәліметінше, ол — Шымкент қаласының тұрғыны.
«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -делінген полиция мәліметінде.
Еске салсақ, 7 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында Шымкентте орналасқан № 2 Түркістан облыстық перинаталды орталығына белгісіз адам келіп, шамамен 20-21 апталық шала туған қыз баласының денесін тастап кеткен еді.