Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442-447 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,5 — 446,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 442 — 447 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 444,14 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,85 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,76 — 4,78 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,73 — 4,83 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 3 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,73 теңгеге қымбаттап, 444,10 теңге болған.