БастыҚоғам

Қазақстанда жабық базарлар жабылады

Мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

Айта кетсек, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізіледі.

Сұлулық салондары, шаштараздар, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметіне тыйым салынады.

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары қызмет көрсете береді.

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мына нысандар жұмыс істей береді:

ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары, үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындар,  ашық ауадағы құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары, халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Басқа жаңалықтар

Back to top button