БастыСаясат

Астанадағы бизнес-орталық пен 40 миллиард теңгеден аса активтер мемлекетке қайтарылады

Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Үкімет баспасөз қызметі мәліметінше, комиссия жалпы көлемі 40 миллиард теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған, оның 38 миллиард теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 миллиард теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

Бұған қоса 7 миллиард теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданған, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

«Активтерді қайтару жұмыстары – бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», – деді Олжас Бектенов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button