Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабы 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша соталды терге-тексеру аяқталды.
«Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 миллиард теңге қаражатын иемденген.
Биыл 25 сәуірде Ақтөбе прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды», – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.