Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына тағы да ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 23 сәуірде Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.