ҚР Мәжілісі екінші оқылымда «Масс-медиа туралы» Заң жобасын қабылдады

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Масс-медиа туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын қабылдады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиасфераның даму үрдісін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Бұл заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, журналистердің құқығын нығайту және міндетін қайта қарау, журналистердің артықшылығын кеңейту бойынша жағдайлар жасау көзделген.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар төменгі бағыт бойынша түзетулер енгізді:

Бұдан басқа, жекелеген нормалар нақтыланды және Заң жобасының мазмұнын жақсартатын редакциялық түзетулер енгізілді. Заң жобасында «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Теле-радио хабарларын тарату туралы» заңдардың күші жойылды деп тану көзделген.