БастыҚоғам

Шымкентте карантин 20 шілдеге дейін ұзартылды

Бұл туралы бүгін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, жаңа қаулы негізінде ертеңнен бастап шаһарда фитнес орталықтарының, бассейндер мен түрлі үйірмелердің жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ мектепке дейінгі орталықтар мен балабақшалардың есігі әзірге ашылмайды. Қала тұрғындары карантин мерзімі аяқталғанша, сұлулық салондарына, шаштараз бен моншаға бара алмайды. Түрлі тоқаштар сататын орындар мен балмұздақ дүңгіршектері, фастфуд нүктелері, көлік жуатын орындар, мейрамханалар мен дәмханалар да жұмысын тоқтатады. Тек жазғы алаңқайы бар мейрамханалар мен дәмханаларға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда қызметін жалғастыруға рұқсат етіледі. Шаһар тұрғындарына бетперделік режимді тіпті жұмыста да сақтау талап етіледі деді бас сантитар дәрігер. Сенбі-жексенбі күндері қалада тыныштық орнауы тиіс. Бұл күндері базарлар мен сауда орындарының, қоғамдық көліктердің жұмысы толығымен тоқтатылады. Ал жұмыс істейтін мекемелер мен орындарға арнайы рұқсат қаулыда көрсетілген дейді Әбдіманап Қошқарұлы.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат берілетін нысандарға келетін болсақ, ол біздің медициналық ұйымдар бүгінгі таңға дәріханалық мекемелер процедуралық бөлімдер коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер. Автожанармай бекеті бойынша оған толыққанды 24/7 жұмыс істейді. Бірақ дегенмен дүкендеріне тыйым салынған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button