Қоғам

2024 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар мұғалімдер мен орта медициналық қызметкерлер болады – ЕРДО сарапшылары

Болжамға сәйкес, 2024 жылы ең көп сұранысқа ие 10 білікті мамандық келесідей:

• әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері (31 мың бос жұмыс орны);
• мектепке дейінгі білім беретін тәрбиешілер (27 мың);
• күтім көрсететін орта медициналық персонал (23 мың);
• бастауыш сынып мұғалімдері (20 мың);
• үйде емделушілерге күтім жасайтын қызметкерлер (19 мың);
• жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері (17 мың);
• математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері (16 мың);
• бухгалтерлер (15 мың);
• аспаздар (13 мың);
• арнайы білім беру саласындағы өзге оқытушылар (12 мың).

Мәселен, білім беру және денсаулық сақтау салаларының білікті мамандары, сондай-ақ бухгалтерлер мен аспаздар ең көп сұранысқа ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button