Қоғам
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда болды.
Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, ол Алматыда да сезілді.
«12 сәуір күні сағат 13:13-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», – деп жазылғанн Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Алматыда жер сілкінісінің күші 2 баллды құрады.