Бүгінгі таңда Қазақстанның үш облысында су тасқыны мен электр қуатының уақытша өшуі салдарынан ұялы байланыс операторларының желілерінің жұмысына әсер еткен бірқатар базалық станциялардың тұрақсыз жұмысы байқалуда, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.
Ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағында орналасқан абоненттерге тарифтік жоспарларға (40-50 мин, 40-50 SMS және 7 күнге 8-10 ГБ) қосымша ресурстар қосты.
Білім беру үдерісін үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарына Starlink терминалдарының жиынтығы жіберілді.
Сонымен қатар, министрлік жедел, үздіксіз байланысты ұйымдастыру мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігіне «Thuraya» спутниктік телефондарын (2 дана) пайдалануға бергенін атап өткен жөн.