МәдениетҚоғам

Бүгін Наурыз мейрамы онкүндігінің төртінші күні – Шаңырақ күні

Қазақ өркениетінде шаңырақтың орны айрықша. Шаңырақ – отбасы татулығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Сондықтан, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасына сәйкес бұл күні отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Шаңырақ күні сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналады деп атап өтілді. Сәйкесінше, бұл күні отбасылық құндылықтар дәріптеліп, үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осындай мәдени шаралардың бірі – Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Шаңырақ күніне арнаулы дайындалған бейнеролигі.

Бейнероликте отбасы құндылықтары, бата берудің маңызы мен бабалар мұрасы – салт-дәстүрімізді сақтап қалу жайында пікілер айтылды.

«Бата деген – біздің салт-дәстүр. Бұл – дәстүрімізді, ұлттық патриотизмді жастардың санасына сіңіру, ата-бабаларымыздан қалған мұраны ұлықтау, өз үлесіңді қосып, кейінгі ұрпаққа аманат ету деп ойлаймын. Бата сондай болуы керек» – деген пікірімен Жомарт Сабыржанов бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button