Денсаулық

Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ  А ВИРУСТЫҚ  ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ

Вакцинациялауға жатады:

– екі жастағы балалар;

– инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:

– тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

– ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

– ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button