Денсаулық
Қазақстандықтар МӘМС-ті әділдік қағидаты бойынша төлейтін болады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділдікке қол жеткізу мақсатында салық төлеушілердің барлық топтары бірдей тиімді мөлшерлемелер бойынша жарналарды төлейтін нақты жалпақ шкалаға көшу ұсынылады
Табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлемеуі керек, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
«Ұсынылған шаралардың нәтижесінде халықтың қалта немесе жеке шығыстарының төмендеуі, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленген сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау күтілуде.
Сондай-ақ, бұл жаңалық медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу мәселелерін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді» – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.