БастыӘлем

Қазақстан бизнесі Немістермен серктестік байланысты арттыруға ынталы

2024 жылғы 13 наурызда Қазақстандық делегация Германия астанасы Берлин қаласына келді.

Германия экономикасының Шығыс комитетіне мүше компаниялармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Германияның өнеркәсіптің негізгі салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділігі туралы айтты. 2005 жылдан бастап Германияның Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларының көлемі шамамен 6,4 млрд. АҚШ.долл. құраған.

Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясы әрқашан ынтымақтастықтың жоғары нәтижелерін көрсетуде. Қазақстанда жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ.долл. құрайтын бірлескен 22 жоба жүзеге асырылған, соның ішінде Linde Group, Knauf және т. б жобалар бар.

Сондай-ақ құрылыс материалдары, медициналық жабдықтар мен машина жасау саласындағы 26 перспективалық жоба бойынша мәселелер пысықталуда.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Германияның «Орта бизнес күні» құрметіне ұйымдастырылған көрмеге қатысты. Көрме аясында Zollmann Stutenmilch GMBH мен «s-Agro-Borovskoe» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды.

Әрі қарай бағдарлама бойынша Германияның шағын және орта бизнестің Федералды одағымен, экономика мен сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына жәрдемдесудің Федералды одағымен – BWA және B2B-неміс және қазақстандық компаниялар арасындағы кездесулер өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button