МәдениетҚоғам

Мереке қарсаңында Астанада «АРУ КӨКТЕМ» әдеби-сазды жыр кеші өтті

Елорда төрінде қазақ тілінің, әдебиетінің жанашыр нәзік жандыларына арналған «АРУ КӨКТЕМ» әдеби-сазды жыр кеші өтті

8 наурыз – Халықаралық  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен өткен әдеби-сазды жыр кешіне қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, сыншылар мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері қатысты. Мерекелік шарада әйелдер қауымына сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.

Нәзік жандыларға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мен Астана қаласының ақын және жазушылардан құралған шығармашылық ортасының басын қосу мақсатында ұйымдастырылған жиынның шымылдығын Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп және Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы құттықтау сөзімен ашты.

Кештің салтанатты бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, белгілі әнші Зарина Омарова және Мадяир Жұмағұл ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ шара барысында түрлі ойындар өтіп, көңіл толқытарлық өлеңдер оқылды.

Әдеби-сазды шара соңында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге, әдебиетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан аруларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button