БастыСаясат

Елімізде шаруалардың ұңғыма бұрғылау шығындары 80%-ға дейін субсидияланады

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған министр облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен жиын өткізді. Кеңесте өңірдің су шаруашылығын дамыту және суару маусымына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Министрлік шаруаларды су үнемдеуге және оны тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында бірқатар қолдау іс-шараларын енгізді. Атап айтқандашаруалардың ұңғыма бұрғылау шығындарын субсидиялау көлемі 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлекАуыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиядау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын шаруаларға түсіндіріптығыз байланыста болуы керек», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әрбір өңіргесу үнемдеу жүйелері орнатылған алқаптардың көлемін ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгіленгенін айтты. Оған сайЖамбыл облысы биыл су үнемдеу жүйесі бар егістіктердің ауданын қосымша 22 мың гектарға ұлғайтыпжалпы көлемін 73 мың гектарға дейін жеткізуі керек.  

Жиында жауапты басқарма басшыларыныңШу-Талас бассейндік инспекциясы мен «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысы филиалы директорларының вегетация кезеңіне дайындық бойынша баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақсу үнемдеу  технологияларын әзірлейтін отандық және шетелдік компаниялар өз өнімдерін таныстырды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ҚордайШу және Меркі аудандарын аралапсу шаруашылығын дамыту жобаларын іске асыру барысымен жеке танысуды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button