Саясат

Азия даму банкінің өкілдері «Алматы-Ыстықкөл» автожолы құрылысы бойынша есеп берді

Алматыда Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс барысында Азия даму банкінің консультанттары «Алматы-Ыстықкөл» автожол жобасының құрылысы бойынша есеп беріп, жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыстарды синхрондау мәселесі бойынша талқылаулар өтті.

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі (ЭКАБ) Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі пилоттық экономикалық дәліз болып табылады. Азия даму банкі Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы хатшылығының және ЭКАБ бастамасының функцияларын орындайды. 2014 жылдан бастап Алматы, Бішкек және оған іргелес өңірлер арасындағы экономикалық дәлізді іске асыра отырып, аталған экономикалық дәліз Алматы және Бішкек қалалары арасындағы экономикалық қашықтықты қысқарту үшін адамдарды, бизнес пен идеяларды біріктіруге ұмтылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button