Теміртау қаласындағы ТЖ орнында құтқарушылар үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде
2024 жылғы 15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласындағы Ватутин көшесі бойындағы жеке тұрған екі қабатты азық-түлік дүкенінің ғимаратында алдын ала газ жарылысы болды, кейін ғимаратта қирау орын алып, шатыр конструкциялары жанды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 10.25-те сөндірілді.
Сағат 08.44-те 1993 жылы туған әйел үйінді астынан шығарылды, ол күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Сағат 09.49-да үйінді астынан 1973 жылы туған әйелдің мәйіті шығарылды.
Үйінділерді бөлшеутеу жұмыстары жалғасуда.
Қарағанды облысының ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар орналастырылды. Сенім телефоны 8 721 2 51 72 23 жұмыс істейді. Психологиялық көмек көрсету үшін оқиға орнында ТЖД психологтары жұмыс істейді.
Оқиға орнында ТЖД, 52859 әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан 177 адам және 38 бірлік техника жұмылдырылды.