Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті
Осылайша, а.ж. 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.