Саясат

Lotomatic лотереясының 5 мыңға жуық терминалының жұмысы тоқтатылды

Лотоклубтар мен лотоматиктердің жағдайы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Туризм және спорт министрлігі Lotomatic лотоклубтары мен терминалдарының санын қысқарту және жұмысын қайта форматтау туралы ұсыныстарды лотерея операторына екі рет – мамыр және қараша айларында жіберді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Онда жұмыс істеп тұрған лотоклубтар мен терминалдар санын нөлге дейін кезең-кезеңімен азайту, жаңа лотоклубтар ашуға мораторий енгізу және Lotomatic жаңа терминалдарын орнату, лотоклубтарды банктер бөлімшелерімен, микрокредиттік ұйымдарменн, ломбардтармен бір ғимаратта немесе кемінде 100 метр қашықтықта орналастыруға тыйым салу, лотоклубтарда алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сатуға тыйым салу, терезелері пердемен жабылған/қараңғыланған лотоклубтарға тыйым салу және ойын мекемелерінің басқа да белгілеріне және т. б. қажеттігі атап көрсетілген.

«Жалпы ұсынымдарды лотерея операторы белгіленген кесте бойынша орындау туралы жазбаша міндеттемемен қабылдады. Лотоклубтардың жағдайын, осыған байланысты реттеуші мен операторға жолданған әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлер ағынын, сондай-ақ нарықты заңсыз ойын автоматтарынан тазарту қажеттілігін ескере отырып, биыл 20 қаңтарда Министрлік лотерея операторының атына өткен жылғы ұсыныстарды мерзімінен бұрын орындаудың орындылығы және елімізде барлық Lotomatic терминалдарының жұмысын тоқтату туралы қосымша ұсыныстар жіберді»,-деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Оның айтуынша, ұсыныстарға сәйкес 30 қаңтардан бері лотерея операторы 5000 мыңға жуық лотоматиктің жұмысын тоқтатты, оның 750-і 82 жеке лотерея дүкендерінде орналасқан.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button