Еліміздің қара металлургия саласында өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінде оң динамика байқалады, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
Осы салада жылына 3 трлн тенгеден астам өнім өндіріліп, 5 млрд доллардан астам экспорттық табыс келеді, салада 50 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтылған.
Негізгі өндірілетін өнімдер: болат, ферроқорытпалар және құрылыста, машинажасау, энергетика, көлік саларында қолданатын болаттан жасалған өнімдер шығарылады.
Атап айтқанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде негізгі өнімдерден:
– 4 млн. тоннаға жуық болат;
– 2 млн. 74 мың тонна ферроқорытпалар;
– 2 млн. 400 мың тонна болаттан жасалған жалпақ прокат;
– 896 мың тонна құрылысқа арналған арматура;
– 305 мың тонна болат құбырлары өндірілді.
Сонымен қатар, өткен жылы Тараз қаласында қуаттылығы 300 мың тонна арматура өндіретін жоба іске қосылды, жоба елімізге импортталатын арматураның көлемін азайтуға үлесін қосады.
Ағымдағы жылда екі ірі ферросилиций өндіретін жаңа жобалар іске қосылуы жоспарлануда. Екі жобаның жалпы өндірістік қуаттылығы 330 мың тоннаны құрайды.
Министрлік тарапынан саладағы кәсіпорындардың өндірістік жүктемесі мен өндірістік көрсеткіштері ай сайын талданады. Проблемалық мәселелер туындаған кезде кәсіпорындардың жоспарлы өндірістік бағдарламаларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданады.
Бүгінгі таңда металлургия өнеркәсібіндегі басты міндеттердің бірі ел ішінде металдарды қайта өңдеуді ынталандып қосылқы құны жоғары өнімдерді өндіру болып табылады.