Қоғам

Балабақшадағы тіл мәселесі, тәрбие, ертегі: Астанада қалалық балабақшалардың тәрбиешілері бас қосты

2024 жылдың 30 қаңтар күні Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Бала тілі – болашақ» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған семинар-тренинг өтті. Басты мақсат – мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатын тиімді жүзеге асыру және балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдерді жүйелеу.

Оқушылар сарайында өткен шараға 200-ден астам мемлекеттік балабақшаларының тәрбиешілері, меңгерушілер, психологтар, қазақ тілінің мұғалімдері, әдіскерлер мен дефектолог мамандар қатысты.

Семинар-тренинг аясында «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы мемлекеттік тілдің бала тәрбиесіндегі маңызы мен оған заманауи гаджеттердің әсері, сондай-ақ қазақ балабақшаларындағы тіл саясатының өзектілігі жайында сөз қозғаса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев қазақ тілін дәріптеуде, жалпы бала тәрбиесінде заманауи технологияларды ұтымды пайдалану турасында өз тәжірибесімен бөлісті. Ал журналист және көпбалалы ана Алма Сайлауқызы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудың маңызы мен бүгінгі балабақшалардың көрінісі тәрізді бірқатар маңызды тақырыптарға ерекше тоқталып өтті.

Семинар барысында көтерілген әр мәселе бойынша балабақша қызметкерлері пікір алмасып, спикерлерге сұрақ қоя отырып, талқылаулар жүргізді. Бұл сала мамандарының тәжірибе алмасып, әдіс-тәсілдермен бөлісуге мүмкіндік берді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button