БастыСпорт

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды

Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді, деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді» – делінген хабарламада.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған. «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады.

Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны – «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button