Жұмысшыларды жақтаған: Жетісу облысында депутат кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды
15 қаңтар күні Үшаралдағы Алакөл ауданында пышақ жарақатынан 34-жастағы ер адам мерт болды. Кейін белгілі болғандай, қылмыскердің қолынан қаза тапқан азамат – Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты – Дәурен Слямов болған екен.
«Менің естуімше, бір күн бұрын ол жерде төбелес болғанын жеткізгеннен кейін ол сол нысанға өзі барған. Ол жерде болған жоқпын, шынымен не болғанын нақты айта алмаймын. Жұмысшылар арасында жанжал шықты деп айтқан», – деді Алакөл аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтар күні Алакөл аудандық полициясына Үшаралдағы салынып жатқан нысандардың бірінде мас күйіндеге ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскені белгілі болды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға 24 жастағы жергілікті тұрғынның пышақ салғанын анықтады.
«Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Алайда зардап шегуші алған жарақытының салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Күдікті Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ааталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қатар қылмыстық іс қозғалды» – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.