Қоғам

Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

Өткен жылы волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлікте атап өткендей, волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында  республикалық және 20 өңірлік фронт-офисі жұмыс істейді.

«Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған «Волонтерлік қызмет туралы» Заңға түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button