Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Жиынға қатысушылар үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы бойынша депутаттардың ұсынған түзетулерін талқылады.
Кеңес барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдарға Үкіметпен келісілген ұстанымдарды депутаттық корпуспен пысықтау тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Парламент Мәжілісінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша салыстырмалы кесте құрылып, күн сайын депутаттардан ұсыныстар түсуіне қарай жаңартылып отырады.