МәдениетҚоғам

Астанада осы аптада өтетін іс-шаралар

Отбасыңызбен және достарыңызбен бос уақытыңызды көңілді өткізу үшін қайда баруға болады? Осы аптада Астанада өтетін ең қызықты іс-шаралар жоспарын ұсынамыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қызықты бағдарламалар өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

9 қазан күні сағат 10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанда У Наенмен кездесу: ертегі әлеміндегі ханбок» көрмесі ашылады.

10 қазан күні «Астана-Опера» театрында сағат 19:00-де «Испания – менің отаным» концерті өтеді.

11 қазан күні сағат 19:00-де елордалық көрермендерді «Жастар» театрында Қ.Жүнісованың «Күле аласыз ба?» (комедия) премьерасы күтеді.

Сол күні кешкі сағат 19.00-де балетсүйер қауымға «Корсар» қойылымы «Астана Опера» театрында өтеді.

12 қазанда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19.00-де «Астана аруы-2023» сұлулық байқауының финалы өтеді.

Сол күні сағат 15: 00-де «Жастар» сарайында Жайдарман лигасының «Астана» ойындары басталады. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 19.00-де «Туған күн» спектаклін ұсынады.

13 қазан күні сағат 14:00, 16:00-де – қазақ халқының ертегі кейіпкерлерімен ағылшын тілін үйренуге арналған ойын түріндегі «Қуыршақ мектебі» спектаклін елорданың Қуыршақтар театры ұсынады.

Кешкі сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда симфониялық оркестрінің 24-ші концерттік маусымы ашылады.

Сағат 19:00-де «QAZAQSTAN» ОКЗ-да «Ұлыларға тағзым: Ән атасы – Әміре» концерті өтеді.

14 қазан күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Тәттілер мұражайы» халықаралық көрмесі ашылады.

Сол күні кешкі сағат 18:00-де «Астана балет» театрында Құрманғазының 205 жылдығына арналған концерт өтеді.

Сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтарын Конгресс-орталықта өтетін «Ирина Кайратовна» тобының концерті күтеді.

15 қазан күні сағат 14:00-де кішкентай көрермендер Ц.Кюйдің «Кот на сапогах» балалар операсына арналған қойылымы «Астана-Опера» театрында өтеді.

Сол күні сағат 19:00-де «Жастар» театрында Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» қойылымы ұымдастырылады.

Кешке сағат 19.00-де классикалық музыканы сүйетіндер «QAZAQSTAN» ОКЗ-де Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрінің орындауындағы Ne Prosto Anime концертіне шақырылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button