БастыСаясат

Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын іске қосу жоспарланып отыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын зауыт республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады. Жалпы алғанда, тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының көптеген салаларын дамытуға мультипликативті әсер етеді.

Кездесу барысында жобаның техникалық құжаттамасын әзірлеу, инфрақұрылым салу, кейін жұмысқа орналасуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті тұрғындар арасынан жас мамандар даярлау, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны сақтау шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button