Қоғам

Астанада үздік педагогтардың фотосуреттері жұрт назарына ұсынылды

Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өзінің Instagram-аккаунтында ұстаздарды құттықтап, хабарлама жариялады.

«Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша қазан айының басында ең құнды кәсіби мерекелердің бірі – Ұстаздар күні атап өтіледі.

Ұстаз – бұл белгілі бір білімді жеткізуші ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың қалыптасуы мен дамуындағы өмірдің барлық маңызды негіздерін қалайтын басты адам.

Билбордтарда елорданың үздік педагогтарының фотосуреттері жарияланып, осы тамаша мерекеде мұғалімнің еңбегіне алғыс білдірді», – деп жазды Қасымхан Сенғазыев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button