БастыТехнология

Алматыда 14 қабатты тұрғын үй вибродинамикалық сынақтан өткізілді

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары Алматыдағы 14 қабатты тұрғын үй кешеніне вибродинамикалық және статикалық сынақ жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ ресми парақшасында.

ҚазҚСҒЗИ мамандарының айтуынша, сынақ арқылы сейсмикалық қауіпті аймақтағы көпқабатты монолитті үйдің құрылыс ерекшелігі бағаланды. Сейсмикаға төзімді құрылыс талаптарының ережелеріне сәйкес, ғимараттар мен құрылыс нысандарының жаңа конструктивті жүйелері, сондай-ақ жаңа материалдары мен конструкциялары жаппай қолданылғанға дейін тиісті тексеруден өткізілуі керек.
Аталған сынақ бірнеше кезең бойынша өткізілді. Әр кезең сайын тұрғын үйге түсетін жүктеме арта берді. Нәтижесінде салынып жатқан ғимарат 9 балдық дүмпулерге төтеп берді.
Оның барысын сарапшылар, БАҚ өкілдері, инженерлер мен құрылысшылар бақылап отырды.
Сынақ жұмыстарын жүргізбес бұрын институт мамандары осы жобаның есептік деректерін мұқият зерттегені.
«Біздің міндетіміз ғимараттың динамикалық өлшемдерінің нақты мәндерінің (тербеліс кезеңдері мен формалары) есептік көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау және қазір қолданылып жүрген нормативтік деректермен салыстыру. Мұндай сынақ қолданыстағы стандарттардың дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді және осындай жағдайды ескеріп, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстанның құрылыс нормалары басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда әлдеқайда жақсы»,-деді Жоғары қабатты ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі зертханасының меңгерушісі Жасұлан Омаров.
Айтуынша, мұндай вибродинамикалық сынақ күш әсерінің әртүрлі деңгейлерінде дизайнның жобалық схемасын анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button