БастыСаясат

Қорғаныс министрінің орынбасары өңірлерде әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кездесулер өткізді

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов Алматы облысының әкімдері Марат Сұлтанғазиевпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмринмен кездесті.Бұл туралы ҚР ҚМ ресми парақшасында хабарлайды.

Абай облысының әкімдігінде 35411 әскери бөлімі саябағының аумағын және 30217 әскери бөлімі қоймаларының аумағын орталық сумен жабдықтау мүмкіндігі қарастырылды.

Генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов пен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев әскери қалашықтарды абаттандыру мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, № 1 әскери қалашықтағы жолдарды асфальттеу, әскери қызметшілер тұратын «Юность» шағын ауданының көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалар ойнайтын және шағын футбол алаңдарын салу туралы сөз болды.

Қорғаныс министрлігінің 2023–2025 жылдарға арналған әскери нысандарды салу және күрделі жөндеу жөніндегі жол картасын іске асыруға қатысты ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдардың басшылығы тарапынан қолдау тапқанын айта кеткен жөн.

Алматы, Қонаев, Жетіген, Абай, Өскемен, Аягөз, Үшарал гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери техниканы сақтау және қызмет көрсету орындарының жайы, тұрғын үй коммуналдық қоры, жылу беру маусымына дайындық және модульдік ғимараттарды орнату барысы тексерілді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жеке радиолокациялық роталары орналасқан алыс аудандарды аралаған кезде Қорғаныс министрінің орынбасары жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Ол казармаларды, монша-кір жуу кешендерін аралап, асханаларға барып, тамақты дайындау сапасын тексерді және мерзімді қызметтегі сарбаздармен әңгімелесті.

Министрдің орынбасары басшылық еткен комиссия құрамы жанар-жағармай материалдарын жұмсау есебінің жүргізілуі, жеке құрамды заттай және медициналық қамтамасыз етудің жай-күйін тексерді.

Гарнизондарға бару қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әскерлердің қолбасшыларына, Әскери инфрақұрылым бас басқармасының бастығына, әскери бөлімдердің командирлеріне және аудандық пайдалану бөлімдерінің бастықтарына жеке құрамға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға, жылыту маусымына дайындық, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы іске асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Қорғаныс министріне баяндалатын болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button