Департаменттің жеке құрамына бірқатар жаңа басшылар ұсынылды. Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Ардана Саймағамбетов тағайындалды.
Ардана Мұратұлы кадр қызметі мәселелеріне жетекшілік етеді. Ішкі істер органдарында қызмет еткен кезінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Бұған дейін Ақтөбе облысы ПД Алға аудандық полиция бөлімінің бастығы болған.
Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің бастығы бұрын Қостанай облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Шәріп Нашкенов болды.
Қостанай облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы болып Серік Исимбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ кәсіптік қызметтік және дене шынықтыру даярлығы отрядының командирі болды.