Басты

Қазақстанда қазіргі уақытта 1368 теңізшінің жеке куәлігі берілді

2010 жылғы 12 наурыздағы Заңмен Қазақстан 2003 жылғы 19 маусымда Женевада қабылданған Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 жылғы Конвенцияны қайта қарайтын конвенцияны ратификациялады.

Конвенция экипаж мүшелері тарапынан қауіп-қатер болмауын және теңізде жүзудің терроризм актілерінен қауіпсіздігін тексеру мақсатында теңізшінің жеке басын сәйкестендіруге қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған.

Теңізшінің жеке куәлігі – халықаралық стандарттың міндетті құжаты. Онсыз экипаж мүшелері үшін шетелдерге жүзетін Қазақстан кемелерінде де, шетел кемелерінде де жұмыс істеу мүмкін емес. Тиісінше қазақстандық теңізшілерге теңіз кемелерінде жұмыс істеуге және шетелдік порттарда өз функцияларын жүзеге асыру үшін жағалауға баруға рұқсат етіледі.

2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 1368 ТЖК берілді. Олар туралы мәліметтер электрондық дерекқорға енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button