Депутаттар премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Үкімет басшысының жауабы парламент мәжілісінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Депутаттар премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, онда «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды бөлек кезекке қоюды және басқа да ұсыныстар ұсынды.
Премьер-министр аталған депутаттық сауалдағы мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге қатысты өтінішті зерделеп, жауабын жариялады.
«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға қатысты.
«Қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар және соның салдарынан кредиттік тәуекелдер үшін қаржылық тәуекелдерді сақтандыру болып табылады. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені арттырады.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына қаржылай қолдау көрсету үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит нысанында әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификаттарын бөледі», – деп түсіндірді премьер-министр.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды бөлек кезекке шығаруға қатысты.
Смайылов түсіндіріп өткендей, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедек адамдар, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған.
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген», – делінген үкімет басшысының жауабында.
«Толық емес отбасылар» санатын «Бақытты отбасы»бағдарламасына қайтаруға қатысты
Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте мынадай санаттағы азаматтар тұр:
көп балалы отбасылар (103 мың азамат);
1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (54 мың азамат); мүгедектігі бар балалары бар отбасылар (25 мың азамат);
жетім балалар (63 мың азамат).
Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасылар» санаты бойынша азаматтардың кезекпен 75 пайыз өсуі байқалған (2019 жылы – 85,4 мың кезекте тұрғандар, 2023 жвлв – 150,2 мың) және олардың үлесі кезекте тұрғандардың жалпы санының (641 мың адам) 24 пайызын құрады.
«Бұл өз кезегінде кезекте тұрғандардың жасанды өсуіне әкелді, басқа санаттар арасында әлеуметтік наразылық тудырды.
Көбінесе бағдарламаға қатысу және осы санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу үшін жалған неке қию, мәртебені сақтау немесе алу мақсатында неке қиюды әдейі болдырмау белгіленгендіктен, осы санат алынып тасталды», – делінген Смайыловтың жауабында.
Анықтама: статистика деректері бойынша 2019-2021 жылдар аралығында ажырасулар саны 148 599 құрады және ажырасулардың ең жоғары өсуі 5-9 жас аралығындағы некелер арасында байқалады.
Өз кезегінде, кезекте тұрғандардың, оның ішінде толық емес отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бірқатар түрлі тетіктер көзделген:
республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу немесе сатып алу.
жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау.
кредиттік тұрғын үй салу және кірістердің болуына байланысты «Отбасы банкі» АҚ-да (бұдан әрі – Отбасы банкі) жарна бойынша 5 пайыз жеңілдікпен кредиттеу арқылы.
Ипотекалық қарызды ресімдеу кезіндегі жағдайларды жеңілдетуге қатысты
Банктердің ипотекалық кредит беру кезіндегі заңнамалық міндеттемелерінің бірі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын және кредиттеудің белгілі бір шектеулері мен шарттарын көздейтін банк заңнамасын сақтау болып табылады.
«Отбасы банкіне несие беру шарттары екінші деңгейдегі банктерден қарыз алушының пайдасына айтарлықтай ерекшеленеді.
Әлеуметтік бағдарланған бола отырып, Отбасы банк халықтың нысаналы топтары бойынша
мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес төлем қабілеттілігін тексеруді жүзеге асырады. Мәселен, егер мерзімі өткен берешек мерзімі өткен күндер санына қарамастан, кредиттік өтінім беру айына дейін 3 ай бұрын өтелген болса, кредиттік тарих оң деп есептеледі», – делінген Смайыловтың жауабында.
Сондай-ақ қарыз алушының сұратылған қарызды алу үшін төлем қабілеттілігі жеткіліксіз болған жағдайда, банктің талаптарына сәйкес келетін екі қарыз алушыға дейін тартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, бюрократиялық процестерді барынша азайту үшін «blockchain» тетігі әзірленді, ол кепіл шарттарын онлайн тіркеу және ауыртпалықты алып тастау арқылы ХҚКО-ларға бірнеше рет барудан босатады.
Осал санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде жәрдем көрсету бойынша
«Қазіргі уақытта халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедек азаматтарды қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру, өтеусіз гранттар беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу және еңбек тапшылығы бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсетуде», – делінген үкімет басшысының жауабында.
Бұдан басқа, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарынан басқа, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары санының 2-ден 4 пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындары бойынша квота белгілеу жолымен халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осылайша, жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар азаматтарды қолда бар тетіктерді қолдана отырып, жұмысқа орналастыру мәселесін жүргізуде.
Сонымен қатар, азаматтардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында қазіргі уақытта белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін адамдарды алып тастау арқылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға к езекте тұрғандардың тізімін өзектендір жүзеге асырылуда.