БастыӘлем

«Самұрық-Қазына» 2022 жылы қанша тонна мұнай экспорттады

2022 жылғы сыртқы сын-тегеуріндерге қарамастан «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы операциялық және қаржылық нәтижелерін жақсартты. Бұл туралы аталған қордың экономика және қаржы жөніндегі директоры Назира Нұрбаева мәлім етті.

«Өздеріңіз де білетіндей, 2022 жыл күрделі болды. Компания жоғары инфляция, геосаяси сын-тегеуіріндер жағдайында жұмыс істеді, қаңтар оқиғасы болды. Дегенмен, сыртқы сын-тегеруіндерге қарамастан 2022 жылы топтың жалпы операциялық және қаржылық нәтижесі жақсарды», – деді ол қорда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, өткен жылы мұнай өндіру және өңдеу көлемі артты.

«Мұнай өндіру көлемі 2021 жылғы көрсеткіш деңгейінен жоғары болып, 22 млн тоннаны құрады. Сыртқы сын-тегеуіріндерге, оның ішінде Каспий құбыр консорциумымен мұнай тасымалдаудағы іркіліске қарамастан тасымал көлемі төмендеген жоқ. Аздаған өсім бар. ҚазМұнайГаздың мұнай өңдеу зауыттары 2022 жылы шамамен 20 млн тонна мұнай өңдеді. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 5,7 пайызға жоғары», – деді Назира Нұрбаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button