Қоғам

Астана әуежайында ұшу-қону жолағын ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда

Жөндеу жұмыстары 15 шілдеден 8 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жұмыстар 15 шілдеден 8 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) өтеді.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан ҰҚЖ жөндеуге түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.

Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең.

Сонымен, жөндеу жоспары бойынша ҰҚЖ-ның жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button