БастыӘлем

Қазақстан Нидерландының ауыл шаруашылығын дамытудағы жоғары технологиялық тәжірибесімен алмасады

Амстердамда GreenTech Week көрмесі аясында «Жылыжайларды дамыту мүмкіндіктері» атты Қазақстан-Нидерланды дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, табиғат және тағам сапасы министрлігінің Бас хатшысы Ян Кис Гут және екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Әбілхайыр Тамабек Қазақстанның жылыжай секторын дамытуда Нидерланды Корольдігінің парниктік шаруашылықты ұйымдастырудағы жоғары технологиялық тәсілдерін қабылдау арқылы жаңа серпін алатынын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және АӨК-ті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

Амстердамға келген қазақстандық делегацияның құрамына салалық ведомство өкілдерінен басқа нидерланд бағбандарымен іскерлік байланыс орнатуға мүдделі отандық кәсіпкерлер кірді.

GreenTech Week-те қатысу барысында делегаттар азық-түлік өнімдерін қауіпсіз өндіруге ықпал ететін жылыжай бизнесі саласындағы озық технологиялармен және жоғары технологиялық шешімдермен танысатын болады. Олар Нидерландыдағы бірқатар жетекші жылыжай кәсіпорындарына барады.

Сапарды «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясымен бірлесіп, Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі ұйымдастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button