БастыДенсаулық

Алматыдағы АИТВ инфекциясына байланысты Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Бүгін Сенат кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы ауруханалардың бірінде АИТВ жұқтырғандардың табылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният оқиғаның себебін анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінен құрылған комиссия Алматыға жіберілгенін айтты.

«Біз ауруханаішілік инфекцияны жоққа шығарғымыз келеді. Тексеруден өткен бойда толық ақпарат береміз. Енді біз толық эпидемиологиялық тексеру жүргізуіміз керек. Инфекцияның қайдан шыққанын, инфекцияның таралу жолын, аурухана ішінде жұқтыру болды ма соны тексереміз, – деді Ажар Ғиният.

Министр келтірген деректеріне сүйенсек, былтыр Қазақстанда 4 мың адам АИТВ індетін жұқтырған. 2021 жылы 3,5 мың жаңа жағдай тіркелген.

Еске сала кетейік, кеше Алматыдағы ауруханалардың бірінде үш науқастың АИТВ індетін жұқтырғаны белгілі болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button