Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған.
Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы 30 000 га құрайды.
6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды.
Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.
«Қазгидромет» АҚ 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылу, күндіз 29-34 жылу, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.