Саясат

Қазақстан USAID бағдарламасының белсенді қатысушысы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасының басшысы Роберт Ваучпен кездесті.

Бұл орайда Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы өңірлік байланыстарды нығайтуға және аталған аймақтың экономикалық өсіміне қолғабыс етуге бағытталғанын айта кеткен орынды.

Қазақстан Орталық Азия мен АҚШ арасындағы көлік-логистикалық және экономикалық өзара іс-қимылды арттыру бойынша тиімді алаңға айналған осы бағдарламаның белсенді қатысушысы саналады.

Аталған кездесуде Қазақстанмен көлік-транзит бағытындағы ынтымақтастықты арттыру, атап айтқанда Транскаспий бағытын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі бірлескен ынтымақтастық жоспарына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button