Едордада қазақстандық-американдық ивестициялық үстел өтті,-деп хабарлайды ҚР ҰЭМ ресмм парақшасында.
Жиынға ҚР орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Chevron, Exxon Mobil, General Electrics, Apple, Google, Microsoft, EPAM Systems, Boeing и Honeywell компанияларының басшылары қатысты. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астана Халықаралық форумы аясында Қазақстанға АҚШ-тың бизнес-миссиясын ұйымдастыруға көмектескені үшін АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиге алғысын білдірді
ҰЭМ басшысы атап өткендей, 2020 жылы құрылған Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесі американдық компаниялардың ҚР нарығына қатысуын кеңейтуге өз үлесін қосып келе жатыр. Ол бизнес жүргізу шарттары және инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Атап айтқанда, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, қаржылық технологиялар және креативті индустрия салалары туралы сөз қозғалды.
«Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы $28 млрд. көлемінде бұрын-соңды болмаған тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар Қазақстанды сенімді сауда-экономикалық әріптес ретінде қабылдайды. Себебі біз ЭЫДҰ халықаралық инвестициялық стандарттарын ұстанамыз», – деп айтты ведомство басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша американдық кәсіпкерлер тығыз байланыс орнатуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыруға және кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.