Қоғам

Алматыда жазғы дәмханаларды безендіруге қатысты жаңа талаптар пайда болды

Алматының ерекше мәртебесі туралы заңда жазғы дәмханаларды безендіруге қатысты жаңа талаптар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев жылдың үш мезгілінде мегаполис тұрғындары мен қонақтары жазғы дәмханаларда демалғанды жөн көретіндігін атап өтті.

«Алматылықтардың басым бөлігі жазғы дәмханалардың келбеті ерекше болғанын қалайды. Әсіресе, қаланың тарихи бөлігінде немесе тарихи ғимараттың жанында орналасқан дәмханаларға барынша назар аудару керектігін жиі айтады. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қоғам белсенділері көктем-күз мезгілінде жазғы дәмханаларды ретке келтіруді сұрайтын. Заң аясында жоғарыда аталған мәселелерді реттеуге мүмкіндік туды. Енді жазғы алаңдарға, тамақтану орындары мен қызмет көрсету нысандарына қатысты жаңа ережелерді әзірлеуге болады»», – деді Мұхит Әзірбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button